Әнші әрі блогер Мөлдір Мұқан көптен бері ата-ана болуды армандап жүрген отбасыға қолдау көрсетуді ұйғарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші әрі блогер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығын жариялады. Ол көптен бері сәби сүйгісі келіп жүрген бір отбасының экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасына қажетті барлық шығынды өз мойнына алуға ниетті екенін мәлімдеді.
Мөлдір Мұқанның айтуынша, ол отбасының ата-ана атану арманына қолдау көрсетіп, ЭКО бағдарламасына толықтай демеушілік жасағысы келеді.
Бұл бастама сәби сүюді армандап жүрген отбасы үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Әншінің игі ниеті бір жанұяның үмітін оятып, көптен күткен қуанышына жол ашуы мүмкін.
«Қазақ еліне +1 сәби» деген игі бастама жаңа өмірдің дүниеге келуіне үлес қосып, ата-ана болуды армандаған жандарға қолдау көрсетуге бағытталған.