$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

«4 жылдан кейін ұлына келгісі келеді»: Танымал блогер экс-күйеуі туралы айтты

Фото: Караван
Фото: Караван

“Қалаулым” жобасы арқылы танылған Шынар Меджанова бұрынғы сүйіктісі Ислам Алтайбаевтың қайта келгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

”Түні бойы ұйықтай алмадым, кенеттен осындай видео жазамын деп шештім. Жалпы 4 жылда жеке өмірімнің көп тұсын айтпай, үндемей келдім. Бірақ бұл жолы ішімдегіні айтқым келіп тұр, сыймай бара жатыр. Ұлымның әжесімен кездесуі туралы рилс жариялаған күні әжесі маған жазды. Баламның әкесі жақын күндері Астанаға келмекші. Ол ұлын сағыныпты, жылайды екен. Енді маған “оларды кездестірші” деп жазды. Сіздерге қалай, бірақ бұл хабарлама өзіме өте ауыр тиді. Иә, мен баламның әкесімен кездесуіне қарсы емеспін. Тіптің түбінде осы жағдай бәрібір болады. Бірақ 4 жылдан кейін аспаннан салбырап түскендей, “жақын күндері келеді” деп хабарлай салу мен үшін бұл дұрыс емес”, — деді ол.

Ал бұған байланысты Ислам Алтайбаев ешқандай пікір білдірмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0