Айтыскердің қызы Айдана әлеуметтік желідегі парақшасында анасына түрлі сұрақ қойған сәті түсірілген видеоны жариялады.
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қызымен трендтегі ойын ойнап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтыскердің қызы Айдана әлеуметтік желідегі парақшасында анасына түрлі сұрақ қойған сәті түсірілген видеоны жариялады.
«Көбісі мені әлі танымайды екен, бірақ мен Айнұр Тұрсынбаеваның қызымын! Инстаграмға осындай контентпен атып кірейін деп шештім. Негізі, қалай сіздерге?» – деп жазды Айдана.
Ал Айнұр Тұрсынбаева қызының сұрақтарына әзілмен жауап берді.
«Елдің шешесі травма салса, бізде керісінше», – деді ол.
Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырып, анасы мен қызының әзілге толы әңгімесіне қызығушылық танытты.