26.10.2026, 01:30

«Мынаумен қалай жатасың? деді»: Рамазан Амантай әйелін жылатқанын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Ол алғаш рет әйелі жайлы сөз қозғады. 

Рамазан Амантай журналист Айнұр Асанбердіге сұхбат берді

Ол алғаш рет әйелі жайлы сөз қозғады. 

"Әйелім қалай бар солай қабылдайды мені, қабылдады. Қалай елжіремейсің? Мен сияқты адамның қасында жүру оңай емес. Неше түрлі комменитарий жазады әйеліме. "Мынаумен қалай жатасыі?", "Мынаумен қалай тұрып жатырсың?", - деп жазады. Қыз бала деген ақбоз атты ханзаданы күтеді ғой. Ойлашы, ханзаданың орнына мен келіп тұрмын. Ханзада кезімде шыққан, 100 кг болғанмын. Бара-бара ханзада емеспін. Бәрі оған ауыр тиеді, оқиды, жылап алады. Елдің сөзі жарайды ғой. Менің өзім сауықшыл адаммын. Күніне 2 миллиондап құртамын. Есебін білмей, ысыраптан ысырап жасадым. Бәріне көніп отыр. Мен оның ақылын да тыңдамаймын. Жігіттердің өзі таң қалады. "Қалай ол саған шыдап жүр?" дейді. Өмір салтым мүмкін емес нәрсе ғой. Бәріне төзіп, үндемей, 6 жыл бірге өмір сүріп жатырмыз. Бірге күліп, бірге жылаймыз", - деді ол.