$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Миллион теңге: Төреғали Төреәлі қызының дәрігеріне қомақты сын жасады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Төреғали Төреәлі қызы Қаусарды емдеп жүрген дәрігерге 1 миллион теңге сыйлаған. Өнер иесі емдеу орталығына арнайы барып, мерекелік шараға қатысып, жиналған қауымға ән арнаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде жарияланған видеода Қаусардың ем қабылдау барысында маңызды жетістікке жеткені айтылды. Бүлдіршіннің жүзуді үйренуі оның оң нәтижелерінің бірі ретінде көрсетілді.

Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік Қаусардың жетістігіне қуанып, кішкентай қызға тезірек сауығып, денсаулығының жақсаруына тілектестік білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0