$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

«Имам да клоун болып кетті ме»: Жанар Айжановаға тосынсый жасаған Нұрлан имамның әрекеті көпке жақпай қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Жанар Айжанова жақында «Құрмет» орденімен марапатталып, қуанышты жаңалығын әріптестері мен жақындарының ортасында атап өтті. Өнер иесі осыған орай мерекелік кеш ұйымдастырып, ақ дастархан жайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кеш барысында әншіні құттықтауға келген қонақтар ақжарма тілектерін арнап, қуанышына ортақтасты.

Алайда мерекелік кештегі тосынсыйлардың бірі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Мейрамхана ұжымы әншіге ерекше сыйлық әзірлеп, қазақы дәстүрмен үстіне мата жауып, күтпеген қонақты ортаға алып шыққан. Ол — көпшілікке танымал Нұрлан имам.

Күтпеген жерден имамды көрген Жанар Айжанова тосынсыйға қуанып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Осылайша, мерекелік кештің сәнін келтіріп, әншінің көңілін көтеруді көздеген ұжымның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқылана бастады.

Дегенмен, желі қолданушыларының бәрі бірдей мұндай тосынсыйды құптай қоймады. Кейбірі дін өкілінің ойын-сауық кешінде осындай форматта ұсынылуына сын айтып, пікірлерін ашық білдірді. «Имам да клоун болып кетті ме?» деген сарындағы жазбалар да жарияланып, Нұрлан имамның бұл әрекетіне қатысты түрлі көзқарас қалыптасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0