«Меруерт майысып қалыпты».
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева актер Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттерімен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иелері ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, сән үйінің жарнамасына қатысты. Желіде жарияланған фотолар көп ұзамай қызу талқылана бастады.
Желі қолданушылары қос өнер иесінің жарасымды көрінетінін айтып, түрлі пікір қалдырған. Тіпті кейбірі Меруерт Түсіпбаеваға Бақтияр Қожа секілді азамат лайық екенін жазса, енді бірі актердің отбасы бар екенін еске салған.
«Екеуі жарасып тұр», «Екі жарты бір бүтін», «Меруертке осындай еркек керек», «Жарасымды жұп шығады», «Меруерт майысып қалыпты», «Отбасы бар емес пе?» – деп жазды көпшілік.