$ 453.71 € 505.8 ₽ 5.63

Димаш Құдайберген Анкарада өткен ауқымды концерттің арнайы қонағы болды (ВИДЕО)

Әнші Түркия Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен қазақ тілінде өзінің «Ұмытылмас күн» атты авторлық әнін орындады. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Әнші Димаш Құдайберген Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының аясындағы халықаралық концертке арнайы қонақ ретінде шақырылды. Өнер иесі кеш барысында бірнеше туындысын орындап, көрермендердің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

28 қазанда Түркия астанасында Түркия Президенттік симфониялық оркестрі мен түркі әлемінің белгілі классикалық вокал орындаушылары қатысқан Grand Arena Concert музыкалық кеші өтті.

Іс-шара Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай және Түркі мемлекеттері ұйымының мәдени бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі, ТҮРКСОЙ ұйымының «Түркі әлемінің мәдениет елшісі» орденінің иегері Димаш Құдайберген концерттің құрметті қонағы болды.

Әнші Түркия Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен қазақ тілінде өзінің «Ұмытылмас күн» атты авторлық әнін орындады. Сондай-ақ Queen тобының әлемге әйгілі «The Show Must Go On» композициясын шырқады.

Бұдан бөлек, Димаш түрік диджейі Бурак Йетермен бірлесіп жазған «Weekend» әнін және жуырда таныстырылған түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы «Yazgı» композициясын көрермен назарына ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0