Ол айналадағы адамдардан көңілі қалғанын айтты.
Айдана Меденова "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында күйеуімен ажырасуы жайлы қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол айналадағы адамдардан көңілі қалғанын айтты.
"Адамдар айта береді. Ең бастысы үйдегі атмосфера. Ондай нәрсе болған емес, болмайды да. Айналамызда көп нәрсе орын алды. Кейбір адамдарымен мүлде араласпаймыз. Менің жанымда үнемі болған тек күйеуім. Біз бір-бірімізден шаршамаймыз. Құдай сақтасын ажырасудан. Адамдар басқаша айтып жүр. Біз оған үйренгенбіз. Бірақ ол ақпараттың рас, өт ірігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Егер бірдеңе болса мен өзім жазамын парақшамда", - деп жазды ол.