03.11.2026, 01:30

«Анадан айырылу өте қиын»: Нағима Есқалиева Сәкеннің үйінде жылап жіберді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Оңай емес". 

Әнші Нағима Есқалиева Сәкен Майғазиевке көңіл айтып, арнайы барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі дастархан басында анадан айырылуды елестетудің өзі қандай қиын екенін айтып, көз жасына ерік берді. 

"Әке мейлі ғой, бірақ анадан айырылу өте қиын. Оңай емес. Қырыққа, елуге, алпысқа, міне жетпіске де келдім. Мамам тірі. Әлі күнге дейін ұрысады, әлі күнге дейін баламыз", - деді ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Анаңыз ұзақ жасасын", "Нағима апай керемет адам", "Өте жақсы көремін бұл кісіні", "Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз", - деп жазды оқырмандар.