Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, екеуінің биіне тәнті болған.
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева мен Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаевтың тойда бірге билеген видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан өнер иесі мен Қанат Айтбаевтың әуен ырғағымен билеп жүргенін көруге болады. Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, екеуінің биіне тәнті болған.
«Қанат мырза өте жеңіл билейді екен», «Димаштың әкесі от», «Айгүл ұнайды», «Екеуі де керемет билеп тұр», «Қайталанбайтын ерекше би», «Ұшып кететіндей билейді екен» деп жазды көпшілік.