$ 453.26 € 506.7 ₽ 5.58

Халықтың сүйікті «Қыз Жібегі»: Меруерт Өтекешова қыздар байқауында көзіне жас алды (ВИДЕО)

Актрисаның толқыған сәті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

«Қазақ аруы – 2026» байқауында Меруерт Өтекешова көз жасына ерік берді. Актрисаның әсерлі сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кеше танымал продюсер Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен өткен байқауда қазақ өнерінің аңыз тұлғаларының бірі, «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлімен халық жадында қалған Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетілді.

Актрисаның толқыған сәті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Көпшілік танымал продюсердің өнер иесіне деген құрметін жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазылып, видео қызу талқыланып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0