Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуына орай отбасылық мерекесін кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің мерейтойлық кешіне өнер және шоу-бизнес өкілдері, жақындары мен достары жиналып, мерейтой иесіне ақ тілектерін арнады.
Мерекелік басқосуға Нұрлан Абдуллин, Гүлзира Айдарбекова, Марат Омар мен Нұржан Төлендиев сынды танымал тұлғалар қатысты. Қонақтар әншіні мерейтойымен құттықтап, қуанышты сәтті бірге бөлісті.
Кеш барысында Мейрамбек Беспаев отбасына қатысты жағымды жаңалығымен де бөлісті. Атап айтқанда, әнші кенже қызын алғаш рет көпшілікке таныстырды. Бұл сәт мерекелік кештің ерекше оқиғаларының біріне айналды.
Өнер иесінің 50 жылдық мерейтойынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің назарын аударды.