10.11.2026, 01:30

«Тұрсынбекке тигізіп айтты»: Роза Рымбаеваның той үстінде ер адамдарға айтқан ақылы талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында ерекше тілек айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол өнердегі жігіттердің аяулы жары туралы сөз қозғаған. 

"Жігіттер, сіздерге айтарым бар. Мейрамбек сияқты барлық өнер жұлдызы отыр. Сіздердің осылай еркелеп, халықтың алдында жұлдыз болып жүргендеріңіздің артында жұбайларыңыз тұр. Сіздер алысқа кеткенде балаларыңызды күні-түні жалғыз бағып, үйге келгенде тамағын дайындап, айлап күтіп отыратын осы жан-жарларыңыз ғой. Қосағыңмен қоса ағар дейді. Мейрамбектің осындай жұлдыз болып жүргені осы жұбайының арқасы деп ойлаймын. Отбасылық бақыттың өмірде үлесі көп", деді ол. 

Осы тұста желі қолданушылары көптеп пікір жазды.

"Мейрамбек, саған айтам. Тұрсынбек, сен тыңда", "Мына тілекті тыңдағанда Тұрсынбек пен Айман не ойлады екен", "Тұрсынбекке тиіп кеткен шығар", "Легенда апамыз дұрыс айтты", "Роза апай әдейі айтты. Мөлдірмен бірнеше жобада бірге жүр. Тұрсынбектің бетіне басу үшін айтты", деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов аталмыш мерейтойда екінші әйелі Айман Талғатқызымен бірге төбе көрсетті.