10.11.2026, 03:30

«Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар»: Төреғали Төреәлі тағы бір жазбасымен желіні шулатты

Фото: Әлеуметтік желі

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында көп әйел алу тақырыбына қатысты пікір білдіріп, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жазбасын екі әйел алуға түбегейлі қарсылық танытқандай бастап, соңында ойын әзілге бұрған:

 «Екі әйел алу деген не сұмдық! Үш әйел, төрт әйел алуға да мүмкіндік бар емес пе?!» — деп жазды әнші.

Әншінің бұл күтпеген мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі көзқарас тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі мұны жай ғана қалжың деп қабылдаса, енді біреулері мұндай тақырыпта әзілдеудің орынсыз екенін айтып жатыр.