11.11.2026, 17:40

«Қартаймайды екен»: Нұрболат Абдуллиннің видеосы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

Өнер иесі тың музыкалық туындысын көпшілікке ұсынатынын хабарлаған. 

Әнші Нұрболат Абдуллин өзінің би өнерімен және сахналық харизмасымен желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі тың музыкалық туындысын көпшілікке ұсынатынын хабарлаған.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында биші жігіттермен бірге синхронды түрде билеп жатқан видеосын жариялады. Жазылушылары оның би қимылдарына, харизмасына және тыңғылықты дайындығына тәнті болған.

Желі қолданушыларының арасында өнер иесіне жылы лебізін білдіргендер аз болмады. Сондай-ақ Гүлнұр Оразымбетова, Ғалия Байбосынова, Әбдіжаппар Әлқожа сынды шоу-бизнес өкілдері де видеоға жоғары бағасын берген.

"Көзқарасы – от", "Керемет", "Неге сонша аз, енді әннің шығуын күтуге тура келеді", "Үнді актеріне ұқсап кетті", "Өзіңіз бір отсыз ғой", "Хит болғалы тұр", "Не деген би", – деп жазды желі қолданушылары.