12.11.2026, 10:20

«Дәл сен ештеңе айтпай-ақ қойшы»: Желіде Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмді» басқарған кезеңіне қатысты дау шықты

Фото: МСК РК

Актер Азамат Сатыбалды желіде жазба қалдырып, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер желіде «Адам кейіпте келу Алладан, Надан болып өмірден өту өзіңнен…», — деген жазба қалдырған. 

Аталған посттың астында желі қолданушыларының бірі оның «Қазақфильмді» басқарған уақытына қатысты дау етіп, оны қатаң сынға алған.

«Азамат балам, дәл сен ештеңе айтпай-ақ қойшы. Қазақфильмді басқарғанда да осы сөзді қаперіңе ілмедің ба. Ештеңе бітіріп қарық қылмадың ғой. Сені де білдік ,кім екеніңді. Сөзіңе — ісің сәйкес келсе қабылдар едім. Сол жылтырақтан бойыңды алыс ұсташы, қарағым!

Әдемі сөйлеу үшін де, әдемі жүру керек. Тәкаппарлығың да, бір басқа асып жығылады. Төмен түс. Сонда Аллахтың сүйікті құлы, сонда ғана толық адам сипатына келесің. Бұл бір 80 ге келген әкеңнің ақылы деп қабылда», — деп жазған ол.