Айман Талғатқызын ойынға шақырған ол ел алдында әзілдесті.
Асаба Нұрбек Саламатов әнші Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында ортаға Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелін шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айман Талғатқызын ойынға шақырған ол ел алдында әзілдесті.
"Түрсынбек аға, сіз келіңіз. Келмейсіз бе, жарайды бөлек жүр деп ойлап қалсын. Айман ханым, өмірде жолы болғыш адамсыз ба? Аллаға сансыз шүкір, қазір сізден жолы болғыш адам жоқ сияқты. Бірақ сізге дым сыйлық шықпай тұр. Жеңше, ренжімеңіз есесіне сізде Тұрсынбек аға бар. Тұрсынбек аға менің ағам, екеуміз бір ауылданбыз. Артық әзілдесе алмаймын", деді ол.
Желі қолданушылары түрлі пікірді қарша боратты.
"Айман ішінен жыны келіп тұр", "Тамада түсінген адамға сөздің астарымен қатырды", "Мөлдірге жету қайда", "Жарайсың, қара жерге кіргізді", "Айман сабырлы екен", деп жазды көпшілік.