$ 444.76 € 495.37 ₽ 5.37

«Бүгін Зәкеңнің өмірден өткен күні»: Жүнісова Нұрқаділов туралы жантебірентерлік жазба жариялады

Әнші әлеуметтік желіде жұбайының көзі тірісіндегі бейнежазбасымен бөлісіп, рухына Құран бағыштаған. 

Фото: Instagram/zhunusova.makpal
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткен күніне орай әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әнші әлеуметтік желіде жұбайының көзі тірісіндегі бейнежазбасымен бөлісіп, рухына Құран бағыштаған. 

12 қарашада Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болғанына 21 жыл толды. Осыған орай Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында марқұм жұбайын еске алып, оған деген сағынышын жеткізді.

«Бүгін Зәкеңнің өмірден өткен күні, топырағыңыз торқа болсын, мәңгілік жүрегіміздесіз», – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0