13.11.2026, 03:30

«Көздері жайнап тұр»: Желіде Жанар Дұғалованың тойындағы видео тарады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр/ ЖИ-мен өңделген

Кадрда ақ көйлек пен фата киген әнші жұбайымен құшақтасып билеп жүр.

Танымал әнші Жанар Дұғалованың жұбайымен тойда билеген сәті әлеуметтік желіде талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрда ақ көйлек пен фата киген әнші жұбайымен құшақтасып билеп жүр.

Жазбаға пікір қалдырған оқырмандар әншіге бақыт тіледі. «Қандай бақытты!», «Көздері жайнап тұр» деп жазды олар. Парақша мәліметінше, кейбір қолданушы Тәуекел Мүсілімді де еске алып, «Тәуекелді таңдамағаны дұрыс болған екен» деген пікір білдірген.

Жанар Дұғалова 2023 жылы тұрмысқа шыққан. Әншінің ұзату тойы сол жылдың 17 наурызында Астанада өтті. Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаева ұзатудан фото мен видео жариялап, Жанар мен Ілиясты құттықтаған. 

Әншінің үйлену тойына продюсер Баян Алагөзова жұбайы Тұрсын Алагөзовпен бірге барған. Ол Жанармен түскен суретін жариялап, «Бақытты бол, сұлу да талантты Жанарым!» деп жазған.