Журналистің айтуынша, біреудің байлығына қызығудың қажеті жоқ.
Танымал блогер әрі журналист Мөлдір Анарбаев Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде терезеден шашылған долларларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналистің айтуынша, біреудің байлығына қызығудың қажеті жоқ. Егер ақша өзінікі болса, оған қатысты артық әңгіме қозғамай, тыныш отырған жөн.
«Байдың малын байқұс қызғаныпты болмасын, тыныш отырайық, егер өзінікі болса. Киноң жолда қалды.
Халық құдайдың бір аты, ақшаның буы оңдырмайды, әсіресе ұрлық болса.
Көп ақшаң болса да бәле, ұйқы жоқ, терезеден лақтырасың.Өткенде ғана айтып едім, “Көп ақша әкелсе байыңнан сұра, айтып отыр жөніңмен жүр!” деп. Бірақ байдың қатыны мені тыңдай ма?!
Тып-тыныш тапқан ақшаңызға риза болып, уайымсыз ұйқыңызды қанағат қылыңыз!
Байыңызға біреуді үлгі қылып, қалайда көп ақша тап! – дегенді қойыңыз!
Қиын…», – деп жазды журналист.
Желі қолданушылары да Мөлдір Анарбаевтың жазбасына үн қосып, оқиғаға қатысты әзіл аралас түрлі пікір қалдырды.