Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен шаңырақ көтеретінін айтып, сүйінші жаңалығын бөліскен еді.
Актриса Дариға Бадықова желідегі оқырмандарына жаңа образын көрсетті. Бұл жолы ол актриса Айшолпанмен бірге түскен суреттерін жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары қос актрисаның бір-біріне қатты ұқсайтынын айтып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актриса бұл жолы да өміріндегі өзгерістер мен жаңа образдары туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Біз стандартқа бағынбаймыз! Мен өзім өмірде де, өнерде де қалыптасқан стереотиптерді бұзғанды жақсы көремін ғой Өйткені біздің ішкі еркіндігіміз бар. Интуициямыз дамыған бізге өз-өміріміз қызық. Әркім өз табиғатымен әдемі! @aisholpan_happiness Біреуге ұқсауға тырыспаңыз! Ал енді біздің образдарымызды бағалап кетіңіздер?», – деп жазды ол.
Жарияланым астында оқырмандар түрлі пікір қалдыруда. Бірі қос актрисаның жаңа образын жоғары бағалап, әпкелі-сіңлілі адамдардай ұқсайтынын жазса, енді бірі олардың өзгерген келбетін сынға алған.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен шаңырақ көтеретінін айтып, сүйінші жаңалығын бөліскен еді.