13.11.2026, 15:40

«Талай рет қолымды бір сілтегім келді»: Елдос «Колобок» тойда көпті жылатты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Айырылысуға 10 себеп болса, қосылуға миллион түрлі себеп бар". 

Блогер, әзілкеш Елдос Колобок ұлының 1 жас тойын дүркіретіп жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған қоса ол тойда әйеліне алғысын айтып, көпшілікті жылатты. 

"Айырылысуға 10 себеп болса, қосылуға миллион түрлі себеп бар. Бұл жерде отырғандар ақкөңіл, романтик дейді. Менің екінші жағым да бар. Мен қырсықпын, мінезім ауыр, ашуланшақпын. Сіздер сол мінезімді анда-санда көрсеңіздер, сол мінезімді менің Қолотбасым күнде көреді. 10 жыл бойы қасымда Танчо келе жатыр. Мен қанша рет қолымды сілтегенде "бәрі жақсы болады әлі" деп әрқашан қолдау көрсетті. Келіншегіме рақмет. Кез-келген еркек, әйелдің өз плюс-минустары бар. Дегенмен де мен ризамын. Бірге осы күнге жеттік. Мамаларымыздың батасы, ел-жұрттың тілегі арқасында, достарымның демеуі арқасында қазір ұлымызбен күліп-ойнап жүрміз", - деді ол.