16.11.2026, 10:40

«Енді кімге еркелеймін?»: Танымал блогер қара жамылды (ВИДЕО)

Фото: Инстаграм adlet_asem

Қайғылы хабарды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Белгілі блогер Әділет Айтжанов қара жамылды. Оның анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы хабарды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол анасына арнап жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.

«Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Әділет Айтжановқа көңіл айтып, ауыр қайғысына ортақтасып жатыр.