16.11.2026, 12:40

«Өзін әлі таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Өнер иесінің сөзінше, Жаныамановтың білім-білігі мен ой-өрісі кең. 

Актер Олжас Абай өнердегі әріптесі Рүстем Жаныамановтың әлеуеті жоғары екенін, бірақ әлі күнге дейін шығармашылық мүмкіндігін толық көрсете алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің сөзінше, Жаныамановтың білім-білігі мен ой-өрісі кең. Онымен үлкен жобаларды жүзеге асыруға болады. Алайда актер әріптесіне мінез бен өзіндік бағыт жетіспейтінін атап өтті.

«Рүстем Жаныамановта интеллект бар. Бірақ мінез аз. Онымен үлкен жұмыстар жасауға болады. Ол өзін әлі таппады. Ол өзінің кім екенін білмей жүр», – деді актер.

Сонымен қатар Олжас Абай әріптесінің бойындағы қабілетті толық ашуға көмектесетін жақсы серіктес қажет екенін айтты.

«Адам адамға ғана әсер ете алады. Жалғыз өзің шығып, "маған қараңдар" дей бермейсің ғой. Оған жақсы партнер табылуы керек», – деді ол.