Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған мерейтойын дүркіретпей, ең жақын туыстарының ортасында атап өтті. Отбасылық қуанышты сәттерден түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші Instagram парақшасында анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады:
«15 қараша — біздің анамыздың туған күні. Арамызда болғаныңызға Аллаға мың шүкірлер, ғасыр тойыңызды көрсек арман жоқ. Алла қолдасын, анашым!» — деп жазды өнер иесі.
Кадрларға қарағанда, мерейтойлық кеш өте қарапайым әрі жылы атмосферада ұйымдастырылған. Дастарқан басында өнер жұлдыздары емес, тек әулеттің жақындары жиналған.
Кеш барысында мерейтой иесінің немере-жиендері ортаға шығып, ән айтып, өнер көрсетіп, әжелеріне ерекше музыкалық тарту жасады.