"Әкесінің ерке қызы".
Әнші Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасына әкесімен бірге түскен видеосын жүктеген.
Рәбия-Сұлтан әкесін тіпті анасынан да қызғанып, кері итеріп жіберген.
"Әкесіне шыбын қондырмайды", - деп жазды ол.
Өнер иесінің кенже қызының тәтті қылықтары елді тамсандырды.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
"Кімді жақсы көру керек екенін біледі өзі", "Әкесіне зорға жеткенде тимеңдерші", "Папасы жақсы адам екенін біледі", "Тәтті қыз болыпты", "Әкесінің ерке қызы", "Көз тимесін", -деп жазды оқырмандар.