"Түрлері не болып кеткен?!"
Желіде әнші Ағайынды Жүгінісовтардың үлкені Рүстем Жүгінісовтың айтқан сөзі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұрынғы әнші, бүгінде блогер әрі кәсіпкер Рүстем Жүгінісовтің әлеуметтік желіде жариялаған видеосы қызу талқыланып жатыр. Кадрда ол жанында келе жатқан әйеліне «ухти» сөзін қолданбай, оның орнына «сіңлім», «әпкем» деген сөздерді айтуды ұсынады.
Алайда желі қолданушылары оның бұл ескертуін әзіл мен сарказмға балап, түрлі пікір қалдырған.Кейбір оқырмандар экс-әншінің қазіргі келбетін де сынға алған.
"Екеуі де керемет өнер адамдары еді. Түрлері не болып кеткен?!", "Никаб кигізіп қойыпты", "Мысқылдап келе жатыр ғой өз тіліне" деген пікірлер де кездеседі.
Айта кетейік, Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жары — дәстүрлі әнші Айжан Қырықбаева. Ал видеодағы жүзін қара никабпен жапқан әйел оның екінші жұбайы болуы мүмкін деген болжамдар әлеуметтік желіде тарады. Сондай-ақ кейбір дереккөздерде блогердің алғашқы әйелімен ажырасқаны туралы ақпарат айтылып жүр. Алайда бұл мәліметтерді әзірге ресми түрде расталмаған.