Бұл туралы әнші Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Әнші Ақбота Керімбекова үлкен ұлының отбасылық жағдайы туралы алғаш рет ашық айтты. Өнер иесінің сөзінше, ұлы әйелімен ажырасып кеткен. Ал бұрынғы келінімен бүгінде байланысы жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әнші Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.
Сұхбат барысында Ақбота Керімбекова ажырасқаннан кейін баласын әкесінің туыстарына көрсетпейтін ата-аналарға қатысты ойын білдірді.
Әншінің айтуынша, үлкен ұлының бұрынғы әйелі онымен араласуға ниетті емес. Дегенмен ол келінінің бұл әрекетіне өкпесі жоқ екенін, уақыт өте бәрі орнына келеді деп үміттенетінін жеткізді.
«Үлкен ұлым ажырасып кетті. Қазір келініммен араласпаймын, араласқысы келмейді. Неге қазіргі жастар ажырасса, баланы алып қашады? Ата-енесіне, әкесіне берсін, олар да көмектессін. Сол әулеттен туды, солардың ұрпағы. Баланы әкесіне, ата-әжесіне көрсетпейтін қыздарды түсінбеймін», – деді ол.
Сонымен қатар әнші немересін көруге асық болатын ата-әжелердің сезіміне түсіністікпен қарауға шақырды. Оның пікірінше, ерлі-зайыптылардың жолы екіге бөлінгенімен, баланың әке жағындағы туыстарымен байланысы үзілмеуі керек.
«Қыздарға немерем деп қуанған ата-әжелердің жүрегін ауыртпаңдаршы дегім келеді», – деп түйіндеді Ақбота Керімбекова.