$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

«Жансыз денесі жатты»: Рүстем Жаныаманов ұлынан айырылған сәтін еске алды (ВИДЕО)

"Біз кездесеміз, балам", - дедім". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Рүстем Жаныаманов пен жұбайы Жанаргүл журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иелері отбасындағы ауыр қаза жайлы алғаш рет ашық айтты.

"Мұндай басымыздан өткен жағдайды ешкімнің басына бермей-ақ қойса екен деймін. Бұл әлі күнге дейін біздің жанды жерімізге тиеді. Бұл нәрсені көтеріп жүрудің өзі үлкен күшті қажет етеді екен. Жанар екеуміз бір-бірімізді іздеп тұрамыз. Ешкім мені түсінбейтіндей көрінеді. Тек Жанар түсінеді. Баламызды қайтадан алып келіп алатын ешқандай құдіретіміз жоқ. Осылай болу керек болды. Қабылдау керек, мықты болу керек. Жалғыз біз басымыздан кешіріп жатқан жоқпыз. Баламыздың жаны жәннатта болса екен деймін. Шапағатшы болса екен деймін. Алла бізге күш берсе екен деймін. Себебі оңай емес, ауыр. Өте орны толмайтын нәрсе болды. Басына әлі күнге барып тұрамыз. Осы қала сыртына қойдырдық. Себебі ауылға тым алыс болып кетеді. Ішімде сақтағым келеді, жариялай да бергім келмейді. Сәл сынып бара жатсам Жанарға келемін. Мықты болмасқа амал жоқ, өмір жалғасады. Мен барсам, баламның жансыз денесі жатыр екен. Ондай кезде ешттеңе ойламайсың, тек бір Алладан қорқасың. Сол кезде баламның басын ұстадым да құлағына сыбырладым: "Лә илләһә илләллалаһ, Мұхамадун расуллаллаһ" дедім. "Біз кездесеміз, балам", - дедім", - деді актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0