Иісбек Әбілмәжіннің бұл естелігі жас актердің өнерге деген ынтасы мен қиындыққа мойымағанын көрсетеді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер әрі режиссер Иісбек Әбілмәжін шәкірті, актер Қайрат Әділгерейдің өнер жолындағы қызықты оқиғасын еске алды. Өнер иесі жас актердің аяғын сындырып алып, соған қарамастан қатарынан қалмау үшін сахнаға қайта оралғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Иісбек Әбілмәжін Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімеледі.
Режиссердің айтуынша, ол кезде Қайрат Әділгерей небәрі 16-17 жаста болған. Мінезі ашық, қалжыңға жақын жас актердің айналасындағыларға ұнайтын өзіндік қылықтары болған. Алайда бір күні ол аяғын сындырып алып, ауруханаға түседі.
«Ол кезде 16-17 жаста Қайрат. Шошыңдар тұрған кезі. Өзінің бір қылықтары бар жағымды. Оған ешкім ренжи алмайды, қалжыңдап бір нәрсе істеп жатса. Сөйтіп жүріп аяқты сындырды. Естіп, төртінші қалалық ауруханаға барсам, жылап жатыр. Жылап жатып, өзінің таңдайына басу атып қояды. "Қатарымнан қалып қоятын болдым ғой" дейді. "Қалмайсың қатарынан. Мен саған жатып ойнайтын рөл берем" дедім», – дейді Иісбек Әбілмәжін.
Ұстазы шәкіртінің өнерден қол үзбеуі үшін оған ерекше рөл беруді ұйғарған. Кейін Қайрат Әділгерейге Құнанбайдың сырқаттанып, өмірден өтетін кезеңін сомдау тапсырылған.
«Сосын расымен ойланып, Құнанбайдың ауырып жатқан, өмірден өтетін кезін бердім. Құнанбай қайда? 17 жастағы Қайрат қайда? Бірақ алып шықты. Оны енді Оразханды шақырып, өзі 2-3 рет қойған. Сол жатып ойнап, дипломын алып, қатарынан қалмай шықты», – деп еске алды актер.
Осылайша, ұстазының қолдауы мен өзінің табандылығының арқасында Қайрат Әділгерей оқуын жалғастырып, дипломдық жұмысын сәтті қорғаған. Иісбек Әбілмәжіннің бұл естелігі жас актердің өнерге деген ынтасы мен қиындыққа мойымағанын көрсетеді.