$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

«Киносын тек ақша үшін түсірген»: Мереке Қалбаева мен блогер арасында дау шықты (ВИДЕО)

"Мына Алпамыс батырға жауап бердім ал, бірақ күткеніндей емес". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Актриса әрі блогер Мереке Қалбаева өзінің алғашқы продюсерлік фильмі «Махаббат жасқа қарамайды» туындысына айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін блогер @alpamys.okey Мереке Қалбаеваның TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, көрермендерді киноға баруға шақырғанын сынға алған. Ол мұны сәтсіз жарнама деп атап, фильмнің көркемдік деңгейіне күмән келтірді. Сондай-ақ туындының тек табыс табу мақсатында түсірілгенін меңзеді.

Мереке Қалбаева Threads желісінде жазба жариялап, айтылған сынмен келіспейтінін білдірді. Осыдан кейін актриса мен блогер арасында әлеуметтік желіде қызу пікірталас өрбіді.

"Мына Алпамыс батырға жауап бердім ал, бірақ күткеніндей емес. Осы жаратылыс сияқты ойлап жүргендер болса қызым саған айтам, келінім сен тыңда!!!!

Шәңкілдемей жауап берші ҚҰДАЙ үшін. ЕР АЗАМАТСЫҢ ҒОЙ! Статистикаң құласа да нәрмәлні жауап беріп көрші", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0