24.11.2026, 15:40

«Қоя тұршы зарламай!»: Айнұр Тұрсынбаева мен Нұрболхан Шарапов әнмен қағысты (ВИДЕО)

Фото: ult.kz

Айнұр Тұрсынбаева әзілкештің қағытпасына өлеңмен жауап қайтарды. 

Актер, әзілкеш әрі тележүргізуші Нұрболхан Шарапов айтыскер ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасап, әлеуметтік желіде әзілге арқау етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  

Ол ақын әнші болған жағдайда өлеңді қалай орындайтынын әзілмен көрсеткен. Бұл қалжыңға әнші Жазира Байырбекова да үн қосып:

«Р-ға тілі келмейтіндер қол көтеріңіздер, біргеміз», – деп әзілдеді.

Ал Айнұр Тұрсынбаева әзілкештің қағытпасына өлеңмен жауап қайтарды.

«Ей, Нұрболхан, қал қалай? Қоя тұршы зарламай! Сүмірейіп отырсың Үсіп қалған алмадай. Менің тілім тәп-тәтті, Болмасыншы шаруаң-ай! Мендей болу, сен үшін, Арман, арман, арман-ай… Тисе берме аққуға Қарқылдаған қарғам-ай. Айтысатын уақыт жоқ, Жолын болсын ал, давай!» – деп жазды ақын.

Айнұр Тұрсынбаеваның тапқыр жауабы Нұрболхан Шараповтың да көңілінен шықты. Әзілкеш ақынның өлеңіне сүйсініп, күлкіге қарық болды.