24.11.2026, 17:40

«Жас жігітпен неге жалғыз демалып жүр?»: Роза Әлқожа тағы көптің назарын аударды

Фото: Видеодан алынған кадр

Өнер иесі демалыс сәтінен суреттерін  жариялап, Джеймс Бонд аралынан сәлем жолдады.

Әнші Роза Әлқожа директоры Әділ Өтемісовпен бірге шетелде демалып келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі демалыс сәтінен суреттерін  жариялап, Джеймс Бонд аралынан сәлем жолдады.

«Тайланд, рақмет! Елімізге қайттық», – деп жазды әншінің директоры.

Желі қолданушылары Роза Әлқожаның директорымен бірге демалып жүргеніне назар аударды. 

«Жас жігітпен неге жалғыз демалып жүр?», «Ыстық жерде қалың киіммен?», «Жақсы демалыс болсын!», «Әділ сізге кім болады? Айдын қайда?» – деп жазды оқырмандар.