Әнші Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығымен бөлісіп, құдағайына ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қуанышты сәттен видео жариялап, құдағиына ақ тілегін арнады.
«Керемет жаңалық, керемет көңіл-күй. Құдағиымды «Алтын алқа» мемлекеттік наградасымен құттықтауға келдім! Ұлым мен келініме жұғысты болсын», – деді әнші.
Сонымен қатар әнші құдағиының аналық еңбегі мен мейірімін ерекше атап өтті.
«Бұл – аналық мейірімнің, төгілген тер мен таусылмас еңбектің үлкен бағасы. Бала-шағаңыздың қызығын көріп, әрдайым ортамыздың мақтанышы болып жүре беріңіз! Алла деніңізге саулық, отбасыңызға амандық берсін!» – деп жазды өнер иесі.