Перуде ата-анасы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері саналатын ерекше отбасы тұрады. Олар ұлына әлемге танылған қазақстандық әнші Димаштың есімін берген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде кішкентай перулік баланың суреті жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. Жазбада оның Димаштың өнеріне тәнті ата-анасының ұлы екені және балаға сүйікті өнерпазының есімі берілгені айтылған.
Осылайша, қазақстандық әншінің өнері әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарды ғана емес, олардың отбасын да біріктіріп отыр.
Кішкентай Димаштың есімі оның ата-анасының сүйікті өнерпазына деген ерекше құрметі мен ықыласын білдіреді.