30.11.2026, 03:30

«Дариғаның киімі ме?»: Олжас Абайдың образы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Жұбайының образына сүйсінген Дариға Бадықова әзіл аралас пікір қалдырды.

Танымал актриса Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абайдың сән көрсетілімінде модель ретінде подиумға шыққан сәтін жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі Instagram парақшасында Алматыда өткен ARUNAZ Fashion Show 2026 сән кешінен видео бөлісті. Кадрларда актердің қою қызыл түсті, ою-өрнекпен безендірілген ұзын шапан киіп, көк жейде мен қара көзілдірік таққанын көруге болады.

Жұбайының образына сүйсінген Дариға Бадықова әзіл аралас пікір қалдырды.

«Жігітім күннен күнге бетімен кеткен краш болып бара жатыр, иә?» – деп жазды актриса.

Актердің сән көрсетіліміндегі образы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Кейбірі оны Сұлтан Сүлейменге ұқсатса, енді бірі киім үлгісінің Дариғаның стиліне ұқсай бастағанын әзілге қосты.

«Сұлтан Сүлейменге Хюррем сұлтан махаббат көзімен қарап отыр. Әдемі жұп», «Дариға киетін киімді Олжасқа кигізіп қойған сияқты», «Дариғаның Сүлеймен сұлтаны болып тұр», «Бөлексіз», «Модельжан», «Әрдайым орындарыңыз төрден болсын», – деп жазды желі қолданушылары.