30.11.2026, 05:30

«JM – жүрегімнің таңдауы»: Ақбота-Нұр жұмбақ жігітіне жүрекжарды жазба арнады (ФОТО)

Фото: әлеуметтік желі

Айта кетейік, Ақбота-Нұр бұл жолы да сүйіктісінің есімін атамай, жазбасының соңына «JM» әріптерін қалдырған.

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет сүйіктісіне тағы да романтикалық жазба арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі Instagram парақшасында Индонезияның Бали аралында түсірілген видеосын жариялап, сүйіктісінің жанында өзін бақытты сезінетінін жеткізді. Сондай-ақ онымен болашағын бірге елестететінін жазды.

«Сенің жаныңда әйел болып еркелеудің, шын ғашық болудың, сүйікті болудың қандай бақыт екенін сезіндім. Сенің құшағың – менің тыныштығым. Мен сені бүгінімнен ғана емес, болашағымнан да көргім келеді. Жылдар өтсе де бір-бірімізге ғашық болып қалсақ деймін. Менің жүрегімнің таңдауы – сен, JM», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Ақбота-Нұр бұл жолы да сүйіктісінің есімін атамай, жазбасының соңына «JM» әріптерін қалдырған.