Елордада алдағы жексенбіде Бибігүл Төлегенованың VII Халықаралық вокалистер байқауы шымылдығын ашады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Биыл барша Қазақстаннан, таяу және қиыр шетел мемлекеттерінен келген 64 әнші өзара бақ сынаспақ. Франция, Болгария, Литва, Молдова, Ресей, Арменияның опера өнерінің мэтрлерінен құралған қазылар алқасы қатысушыларға өз бағасын береді. Әдеттегідей, қазылар алқасының төрайымы – КСРО халық әртісі, Социалистік еңбек ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик Бибігүл Төлегенова болады.
21 қыркүйекте сағат 18.30 «Қазақстан» ОКЗ байқаудың ашылу салтанаты өтеді.