22.09.2014, 10:19

Елімізде 12 өңірлік мұражайдың жағдайы күрделі жөндеуді қажет етіп тұр

Сурет: e-history.kz

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда заңды тұлға ретінде 237 мемлекеттік мұражайлар мен 2 жеке мұражай, оның ішінде 6 республикалық мұражай және 9 республикалық қорық-мұражайлары, 214 облыстық (соның ішінде 48 тарихи, 86 өлкетану, 51 мемориалдық, 7 нақты-ғылыми, 11 өнертану, 10 қорық-мұражайлары) және 8 ведомстволық бағынысты мұражайлар жұмыс істейді. Ал, Тәуелсіздік алғалы бері елде 75 жаңа мұражай ашылған.

Былтырғы жыл қорытындысының деректеріне сүйенсек, елдегі мұражайларға келушілердің жалпы саны 4 805,2 мың адамды құраған. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының мұражайлары ең көп баратын мұражайлар болып отыр.