05.05.2017, 11:53

Жетісулық ақын шығармашылық кешінен түскен бар ақшасын қайырымдылыққа жұмсады

Талдықорғанның төрінде ҚР Мәдениет қайраткері, ақын – Жұматай Оспанұлының жыр кеші өтті. «Ғасырлар керуені» атты рухани-поэтикалық кеш театрландырылған қойылымдармен ерекшеленіп отыр.

Көрермен көп, І.Жансүгіров атныдағы мәдениет сарайы лық толы болды. Одан бөлек, жыр кешінен өзге ұлт өкілдері де шет қалмапаты. Барлығы да тілі орамды ақынның жырымен сусындаймыз деп келген  жетісулықтар.

Жиналған жұрт тек концерттік бағдарлама көріп қайтқан жоқ. Осы келгенімен қайырымды іс жасап қайтты. Өйткені, Жұматай ақынның шығармашылық кеш өткізудегі басты мақсаты – қайырымдылық жасау екен. Билет сатылымынан жиналған 700 мың теңгеден астам қаржыны ол 6 жастағы Нұрбек Асқарұлының еміне жұмсауды көздеген. Айтқаны орындалды да. Кеш барысында жиналған қаржыны қолма-қол  Нұрбектің ата-анасына ұстатты.

Әдемі кештің куәсі болған халық та Жұматай Оспанұлының игі ісіне дән риза. Ал, ақынның бұл әрекетінің өзінің «Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар!» деген танымал өлеңі-ақ айқындап беріп тұрғандай.

Д.Жұмақұлова