$ 498.34  519.72  4.85

Талдықорғанда суретшілердің халықаралық плэнері басталды

Алматы облысында шетелдік және отандық суретшілердің плэнері басталды. Іс-шара Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның 100-жылдық мерейтойына арналып отыр және «Туған жерім - тұғырым» деген атауға ие.

Биыл Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері, есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған, Қазақстан өнерін дамытуға қосқаны үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған – Айша Ғалымбаеваның туғанына  100 жыл. «Туған жерім – тұғырым» халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэрі осы мерейтой қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Шараның негізгі бөлігі Текелі қаласында өтеді. Суретшілер 10 күн бойы Жетісу жерінің әсем табиғатында шығармашылықтарын шыңдайды. Өзара тәжірибе алмасып, күздің әсем бояуларын бейнелейтін болады. Плэнерге Қырғызстан мен Қытайдан және Астана, Алматы, Павлодар қалалары мен Батыс Қазақстан облысынан суретшілер келген. Алматы облысының қылқалам шеберлері де шарадан шет қалмақ емес.

Плэнердің жабылу салтанаты 18 қазан сағат 11:00-де Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайында» өтеді. Қылқалам шеберлері осы күндер аралығында салған суреттерін Алматы облысы «Көркемөнер галереясының» қорына табыстайды. Жетісудың әсем табиғатын он күнге жуық бейнелеген қылқалам шеберлерінің жұмыс барысынан бейнероликтер жасалып, туындыларынан ұйымдастырылған көрме де көпшілік назарына дәл осы күні ұсынылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары