Жазушы Дүйсен Кеңес Оразбекұлының «Жаңа жылды қай мезгілде қарсы алу керек?» туындысының мың данасы Оңтүстік Кореяда басылып шықты деп жазады Хабар-24.
Ондағы қазақша мәтінге корей тіліндегі аудармасы қоса берілген. «Сондықтан мағынасы кореялық оқырмандарға түсінікті болады», – дейді жоба авторлары. Туындының шетелде басылып шығуына «Корея Республикасы-Орталық Азия» ынтымақтастығы жөніндегі форумның хатшылығы демеушілік жасаған.
Ким Гван Гым, «Корея Республикасы-Орталық Азия» форумы хатшылығының басшысы:
- Кітаптың бес жүз данасы хатшылығымызда болады. Екі жүз елу кітапты Қазақстан ұлттық кіпханасы мен Корея этносаралық отбасы орталығына және кітапханаларға тараттық. Бұл – пилоттық жоба, болашақта біз қазақстандық кітаптарды басып шығаруды жалғастырамыз.