Көпшілікке «Құлпынай иісі» телехикаясы арқылы танымал Юсуф Чим Қазақстанға келді. Ләйла Сұлтанқызының шақыруымен келген өнер жұлдызы «Алматы-Аренада» өтетін «Жыл таңдауы» Ұлттық музыкалық жүлдесін жүргізбекші.
Актер Қазақстанға бағыт алған ұшаққа мінер-мінбес Қазақстанға сәлем жолдады. Видеоны Ләйлә Сұлтанқызы өзінің insagramm-парақшасында бөліскен.
«Сәлем, Қазақстан! Мен Юсуф Чим. 7-желтоқсан күні кешке Алматыда өтетін концертте мен де боламын. Қатты қобалжып тұрмын. Барлығыңызды күтемін. Көріскенше», – дейді актер.