$ 498.34  519.72  4.85

Алмалы ауданында Тұңғыш Президент күніне орай әдеби-музыкалық кеш өтті

ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі мерекелер күнтізбесіне енгізілгеніне көп уақыт бола қоймаса да бұл күн қазақстандықтардың асыға күтетін айтулы күндерінің біріне айналып үлгерді десек артық айта қоймаспыз. Өйткені, бұл мереке жас, жыныс, әлеуметтік тап немесе қызметті таңдамайды, яғни барша қазақстандықтарға ортақ. Оның үстіне, дәл осы күні республика аумағында түрлі мәдени-рухани іс-шаралардың өтетіні тағы бар. Осындай жиындардың бірі бүгін Алматы қаласы Алмалы ауданындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында өтті.

Мерекенің дәл осы киелі шаңырақта өтуі жай емес, себебі келесі жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ  ұлттық өнер академиясы өзінің 40-жылдық мерей тойын атап өтпек.

Іс-шара өтердің алдында Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов академия студенттерінің және түлектерінің дайындаған шығармашылық көрмесін аралап, фойеде арнайы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітап көрмесін көріп шықты.

Мерекелік кешті өз алғы сөздерімен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акдемиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова  және Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов құттықтап, мерекелік кешті ашты. Жасұлан Естеновтің құттықтау сөзінде ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың орасан зор еңбегінің арқасында Қазақстан  Республикасы бүгінгі күнде әлемдік саяси аренада өз орнын тапқан ел екенін айта кетті. 

Сонымен қатар іс-шарада Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының атынан алғашқы рет салынып отырған жаңа қала тарихы бойынша штрихтаудан жас суретші студент  Жалғас Тлеуғабылдың салған Панфилов көшесі бейнеленген картинасы да ұсынылды. 

Аталмыш мерекелік іс-шараның бірінші бөлімін Тұңғыш Президенттің фильмімен «Кино және телевидение» факультеті аяқтады.Сонымен қатар  академияның ең үздік студенттері мен дарындыларынан құралған топтары концерттік бағдарламаларын көрсетті.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президент күнін Алматының өзге де аудандары жаппай атап өтуде. Ал, қала әкімі Бауыржан Байбек болса бүгін айтулы мерекемен алматылықтарды құттықтап, Елбасы күніне орай ашылған бірнеше нысанды аралап қайтты. Ал, күннің ең басты жаңалығы ретінде Алматыдағы Фурманов көшесінің Н.Назарбаев даңғылы деп өзгеруін айтуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары