$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Алтынемел» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Бүгін Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп, қазақ деректі киносының күндері аясында «Алтынемел» атты деректі фильмнің тұсаукесерін өткізді. Фильмнің авторы танымал фотограф-натуралист – Олег Белялов.  

Аталмыш деректі картина Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағының бай табиғаты туралы баяндайды. Картина бақылау әдісі арқылы, қысқа уақытта – үстіміздегі жылдың көктемі мен жаз мезгілдерінде түсірілген.

Деректі фильм Мемлекет басшысынң «Болашаққа бағдар: рухани жаңығру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасы аясында түсіріліп отыр.

- Деректі киноның осы саласында ең маңыздысы – түсіретін объектіні жақсы білу мен операторлық өнерді меңгеру. Оның үстіне табиғатты тани білу мен тәжірибе де маңызды. Сценарий тек бастапқы идея ретінде жүреді. Сценарий аса маңызды емес. Өйткені бұл алдын-ала бәрі келісіліп қойған, нақты кісіге арналған портреттік картина емес. Бұл тосынға толы табиғат туралы фильм. Сценарийде қиялдап бәрін жазуға болады, ал оны түсіру оңайға соқпайды. Фильмге айрықша көркемдік беріп, қысқа сюжеттердің көлемді фильмге айналуына монтаж кезеңі көп ықпал етті. Және де ұлттық саябақтың тынысын беруге музыка мен дыбыстау үрдісі өз үлесін қосты, - деді Олег Белялов.

Олег Белялов фильмнің сценарий авторы, режиссері және қоюшы операторы Олег Белялов. Бұл автордың режиссер ретіндегі алғашқы фильмі. Белялов анамалистика жанрында Қазақстандағы үздік маман. 

- Табиғат жайлы фильм түсіру қажеттігі туындады, ал анамалистика жанрында түсіру мол тәжірибені талап ететін болған соң, таңдау маған түсті. Бұл жанрда мен 80-90 жылдары көп еңбек еткем. Алтынемел Алматыға жақын орналасқан және жабайы жануарларды еш қиындықсыз ұшырастыруға болатын бірден-бір ұлттық саябақ болғандықтан, сол мекенді түсіреміз деп шештік, - деп қосты режиссер.

Алтынемел - Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ. Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығынегізінде 1996 жылы құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары