$ 498.34  519.72  4.85

4 жыл бала көтере алмаған Құралай күйеуі Мирасты тастап кетпекші болған

4 жыл бала көтере алмаған танымал әнші Құралай күйеуін әрі сахнадағы серігі Мирас Бекежановты бір кездері тастап кетпекші болған екен. Бұл туралы жұбайлар «Хабар» арнасынан шығатын «Тікелей эфир» бағдарламасында айтты.

«Сырт көзге жарқырап көрінгенімізбен, біздің де өмірімізде қиыншылықтар болды. Тіпті, болғаны соншалық, біз Құралай екеуміз айырылысып кетуге сәл-ақ қалдық», – дейді Мирас өткен күнді еске алып.

Құралайға дәрігерлер ешқашан бала көтере алмайтынын айтыпты.

«Содан кейін Құралай жылап: "Сен дені сау бір қызға үйлен, мені жібер. Семейге кетейін, сенің жолыңды байлап не істейін?" – деді. Бақытты отбасы болу үшін, әрине, бала керек. Құралай жібер дейді. 4 жылда үйреніп қалдық, жақсы көремін. Бір мүшемді кесіп тастағандай болды. "Балалы бола алмайсың, сол үшін кет" деп қалай айтамын? Менің мінезім ондай емес, жібермедім...

Сөйтіп, Астанаға келіп, аспирантураға түстік. Бір күні Астана көшесімен келе жатып, «Отбасын жоспарлау орталығына» тап болдық. Былай қарасаңыз, біздің емделмеген жеріміз жоқ. Ал негізінде екеуміздің қанымыз сәйкес келмепті. Кірдік, қанымызды алды. Дәрілерді берді, бір айдың ішінде Құралайдың аяғы ауыр болып шыға келді», – деп Мирас қазір өзінен асқан бақытты жан жоқ екенін айтты.

Өнерде де өміріде де өнегелі жұптың шаңырақ көтергендеріне биыл 17 жыл толды. Бүгінде олар 4 баланы бағып-қағып, тәрбиелеп отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары