09.01.2018, 05:02

Шахзода "Аяла" әнін шырқап, қазақ тыңдармандарын таң қалдырды (ВИДЕО)

Қазақстанға танымал өзбек әншісі Шахзода «Аяла» әнін қазақ тілінде орындады.

Әннің музыкасын – Медет Салықов, сөзін – Қалқаман Сарин жазған. Орындаушысы – Жаңабай Өтегенов.

Көпшілік бұл туындыны Шахзоданың да шебер орындағанын жазған.

«Керемет. Жанымның бағын саяла». «Сұлу Шахзода, жарайсың!». «Қайта-қайта тыңдай бергің келеді». «Қазақша үйрене алмай жүргендерге Шахзода шеберлік сабағын өткізсінші». «Ғажап дауыс. Әдемі жарасты»,  – деп тыңдармандары youtube желісіне жүктелген видеоға пікір қалдырды.