Фучжоудағы (Қытай) әлемдік турне аясында болған бұл көріністі Димаш Құдайберген өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
Видеода сахнадағы әншіні жақыннан көргісі келген тыңдармандар Димашқа алып-ұшып ұмтылып, таптап кете жаздағаны анық көрінеді. Абырой болғанда қауіпсіздік қызметіндегілер жерлесімізді топ ішінен арашалап алып кетіп үлгереді.
Айғай-шудың немен аяқталғаны белгісіз. Бастысы – Димаш қазір Қазақстанда.
«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында және студияда өткіземін. Турнеде көріскенше құрметтілерім», – деп жазды ол Instagram-парақшасына.