Әнші Айқын Төлепберген әйелін қоя беріп, КешYou тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалимен көңіл жарастырыпты деген сыбыс былтыр тарап кеткен болатын. Әңгіменің тарауына Айқынның Жұлдызды ұзатып алып кетіп бара жатқан сәті түскен видео себеп болған еді. Алайда, Айқын мұның жай түсірілім екенін, Жұлдызбен арада ешқандай сезімнің жоқ екенін айтып ақталды.
Алайда, бірнеше ай өткеннен кейін Жұлдыздың аяғы ауыр екені белгілі болды. Кейін ол босанып та алды. Енді күні кеше Айқын мен Жұлдыздың осы кішкентай сәбиді алып, Тайланда демалып жүргені анықталды. Қазір олардың демалыстағы видеосы әлеуметтік желілерді шарлап жүр. Youtube желісінде жарияланған видеода Айқын және баласы мен Жұлдыз Өмірғалидің отырғаны анық көрінеді. Олардың жанында Баян Алагөзова, Турсен Алагузов және Айару Бақытбек те бар.